II.Үй тапсырмасын тексеру

Аяққапты қалай тігу керектігін есімізге түсіреміз.

III.Жаңа сабақ:

Аяққаптың түрлері:

Киізден өрнек салып тігілген аяққаптар.

Ыдыс-аяқ таза болу үшін жасалған қақпақты аяққаптар.

Қалың драп матаға оюды кестелеп немесе ою бастырып тіккен астарлы аяққаптар.

Жұмыстың орындалу реті:

Екі бүктелген қызыл түсті мата бетіне аяққаптың қатырмақағаздан жасалған үлгісін қойып, қиып ал.

Қағаз оюдың үлгісін сары түсті мата бетіне орналастырып, шетіне белгілеп сыз. Оны қиып ал.

Оюды аяққаптың бетіне ПВА желіммен жапсыр.

Аяққаптың екі бөлігін бір-біріне көктеу тігісі арқылы біріктір.

Қапшықтың шетіне шашақты айналдыра көктеп тігіп, бастыр.

Аяққаптың екі шетіне ілмек қада.

IV.Қорытынды:

Танауында арқаны,

Бір батып, бір шығады,

Алға қарай тартады. Ине

Қос таяқ бастары дөңгелек,

Тұтасты кеседі бөлек-бөлек. Қайшы

Саусаққа киіп ем,

Инені жүгірттім оп-оңай. Оймақ

Аяққапты не үшін пайдаланған?

Оған қандай ою-өрнектер пайдаланған?

Аяққапты бүгінгі күні тұрмыста қолданып жүрген сөмкемен салыстыруға бола ма?

Аяққаптан басқа қандай дорба немесе қапшық түрлерін білесіңдер?

V.Үйге тапсырма:

Аяққап тігіп үйрен. (94 бет)

Бағалау:

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

Тексерілді:

Күні: 11.03.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Қобдиша жасау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қобдиша жасап үйрету.

Дамытушылық: шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: мата, үш түрлі жіп, поролон жастықша, түйреуіш, ине, қайшы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Аяққапты не үшін қолданады?

Жаңа сабақ:

Ұсақ-түйек заттарды, әшекей бұйымдарды қобдишаға салып қоюға болады. Қазақ халқы қобдишаның да әдемі, әсем көркемделуіне көңіл бөлген. Оны түрлі материалдардан жасаған. Қобдишалардың пішіні әртүрлі болады.

Біз бүгін қобдиша жасауды үйренеміз. Қобдишаны ұсақ-түйек заттарды салып қоюға пайдалануға болады. Оны әдемі безендіріп, досыңа, анаңа, сыйлық ретінде ұсынсаң, қуанып қалатыны сөзсіз.

Жұмыстың орындалу реті:

Қатырмақағаздан ұзындығы 25см, ені 5см қобдишаның негізгі бөлігін қиып ал. Оны ұзындығы 4см-ден тең 6 бөліккек бөліп, бүкте. Шетіндегі 1см бөлік бір-біріне желімдеп қосу үшін қажет.

Радиусы 4см болатын дөңгелекті тең 6 бөлікке бөліп, алтыбұрыш қиып ал. Бұл алтыбұрыш қобдишаның түбі болады. Оны қобдишаның негізгі бөлігіне ПВА желімімен жапсыр.

Радиусы 5см болатын дөңгелек қи. Артық бұрышты қиып алып тастап, бір-біріне желімде. Бұрыштарын шағар. Бұл – қобдишаның қақпағы. Қақпағын негізгі бөлікке қағаз жолағы немесе желімдегіш таспамен бекіт. Қақпақтың аузына іәлгіш жаса. Оны ою-өрнекпен безендір. Қобдиша дайын.

Қорытынды:

Қобдишаны басқа қандай пішінде жасауға болады?

Қобдишаны қандай материалдардан жасайды?

Үйге тапсырма:

Қобдиша жасау.(95 бет)

Бағалау:

Тексерілді:

Күні:13.03.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекесі. Ұлттық киім үлгісіндегі әже бейнесі. Сабақтың мақсаты:

Білімдік:оқушылардың ұлттық киімдер жайлы түсінігін кенейту және киім үлгісін жасауға қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: шығыармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық киім үлгісін жасауда ұқыптылыққа, эстетикалық танымға тәрбмелеу.

Сабақтың көрнектілігі және қажетті материалдар:Қағаз, мата, желім, қылқалам, қарындаш, қайшы, жіпЕңбек нысанасы:түрлі ұлттық киімдердің үлгілері, инұсқау каратасы, түсті қағаз, мата, таспа, желім, қайшы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

II.Жаңа сабақ:

Кез келген халықтың өнері мен мәдениеті өмір сүретін жерінің ерекшеліктеріне қарай түр-түсі, сипаты жағынан әртүрлі болады. Халықтардың ұлттық киімі мен қолөнерінің қалыптасуына өмір сүру ортасының табиғи және әлеументтік-экономикалық жағдайы, дінм сенімдері әсер етеді. Онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, әлеументтік ахуалы көрініс табады. Ұлттық киімдеріміз ата-бабамыздың аттың жалында, түйенің қомында күн кешкен жауынгер, батыр, ержүрек халық болғандығынан хабар береді.

Ұлттық киімдер ою-өрнек әшекейлерімен безендірілген. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары өте көп. Кейде ұлы, орта кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер арасындағы рулардың аттарымен аталған. Мысалы: адам бөрік, арғын тымақ, қоңырат үлгісі және т.б. Сондай-ақ, Жетісу ұлгісі деген сияқты географиялық ортасына байланысты, қалыптасқан атаулар да бар. Бұл үлгілер киімдердің кеңдігі, ықшамдығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерінің ерекшелігіне қарай да ажыратылады. Ұлы жүздің шапандары көбіне жолақты, сырмалы, етек-жеңі ұзын, ашық жағалы болып келеді. Оңтүстік халқы өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес отырып, бақ өсіріп,егін салуды кәсіп ететіндіктен,мәнеріне ықпал еткені байқалады.

Жалпы,қазақтар ұлттық киімдері:іштік,сырттық,сулық,біркиер деп төрт топқа бөлінеді.Іштік киімдерге көйлек, дамбал, желетке, камзол,кәзекей жатса;сырттық киімдерге:шапан ,күпі, тон, шиделі;сулық киімдерге: шекпен, қаптал, шапан, брезент, кебенек, кенеп жатады. Қазақстанның орталық аймақтарында тон, ішік, тайақы сияқты тері киімдері –оқ киімдер деп атайды. Біркиер киім деп қымбат маталарлан әшекейлеп, тігілген, той-думан, жиынға, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған.

Әженің бет пішіні және кимешек пен күндік жасау

Радиусы 6см дөңгелектің жартысын қиып ал.

Екі шетін ортаңғы сызыққа жеткізіп бүкте.

Бүктелген қағаздың ортасына әженің бетінің суретін сал.

Күндік жасау үшін ұзындығы 9см, ені 2см тіктөртбұрышты үшке бүктеп, біріктір. Біріктірген жағын артына қаратып, кимешектің үстінен кигізіп, желімде.


2673002705595924.html
2673058315786997.html
    PR.RU™